BEELINE ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІ ТЕГІН ИНТЕРНЕТКЕ ҚОСТЫ
Beeline Business «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық жобасы шеңберінде Петропавл қаласындағы Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатын тегін интернетке қосты.
Осы жоба шеңберінде бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік мекемелер – балалар үйлері, мектеп-интернаттар, мүгедектер үйлері 50 Мбит/сек жылдамдықтағы интернетке тегін қосылады.
«Біздің белсенділігіміздің мақсаты – оқуға және дамуға жағдай жасау болып отыр. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептің осы бағдарламаға қатысу үшін таңдалуы кездейсоқ емес. Мұндай балалар үшін интернет – оқуға арналған құнды визуалды ақпарат алудың таптырмайтын көзі, тілдесудің және шығармашылық тұрғыда дамудың әмбебап құралы болып табылады», - деп түсіндірді "2 Day Telecom"(ТМ Beeline) ЖШС Бас директоры Тунгышбек Батталханов.
«Шексіз мүмкіндіктер» жобасына қатысушылардың барлығы Beeline-ның «Қайырымды жүректер» волонтерлық бағдарламасына автоматты түрде қосылады. Бұл – корпоративтік бағдарлама, оның шеңберінде компания қызметкерлерінің күшімен балалар үшін компьютерлік сауаттылық бойынша, иентернетті және білім беру сайттарын пайдалану бойынша тренингтер өткізу және басқа да бастамаларды қолға алу жоспарлануда.
«Біздің мамандандырылған мектебіміз биылғы жылы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз үшін бұл мейрам – есту қабілеті бұзылған балаларды әлеуметтік бейімдеумен және оқытумен айналысатын мекемелердің қызметінің маңыздылығы туралы ескертудің ерекше мүмкіншілігі болып табылады. Бүгінгі таңда, техникалық ілгерілеудің, компьютер мен интернеттің арқасыда еңбек нарығы едәуір ұлғайды, ал біздің міндетіміз – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін келешекте лайықты мамандыққа қол жеткізудің барлық жағдайларын жасау болып табылады», - деп атап өтті Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының директоры Жангельды Тажин.
Биылғы жылы жоба шеңберінде Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернаты және Алматы қаласындағы Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығы интернетке қосылды. 2015 жылдың соңына дейін еліміздің 15 әлеуметтік мекемесін осы жобаға қосу жоспарлануда.