СОТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Атқару парақтарының орындалуы» тақырыбында дөнгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы С.Сүлеймен, Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі А.Кемалов, Қызылорда облысы бойынша әділет департаменті басшысының сот актілерін орындау жөніндегі орынбасары Ж.Абсат, Қызылорда облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Н.Саимов, ЗК-169/5 мекемесі бастығының орынбасары С.Тоқтамысов, экономист-бухгалтер Ә.Бесбаева, сот қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында бас маман А.Атамбаева баяндама жасады. Ол қаралған істер бойынша атқару парақтары орындалмай тұрған істер жайлы айтып, сол себепті қылмыстық істері мұрағатқа өтпей тұрғандығын айтты.
Шараға қатысушылар сот актілерін орындау барысында туындаған проблемаларды талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.