РОСКОСМОС: КЕЗЕКТІ ЖҮК КЕМЕСІ МАУСЫМ АЙЫНДА ҰШАДЫ
«Прогресс МС-06» жүк кемесі халықаралық ғарыш стансасына алдағы маусым айында ұшады. Бұл туралы Роскосмостың Youtube-арнасы хабарлады.
«Союз-2.1а» зымыран-тасығышы көмегімен Байқоңыр ғарыш айлағынан 14 маусым күні ұшқан жүк кемесі сол күні Халықаралық ғарыш стансасындағы «Пирс» ресейлік сегментіне жетеді. Ұшырылымнан бір тәулік бұрын жүк кемесіне бұрынғы «Прогресс МС-05» кемесі орын босатады. «Прогресс МС-05»-ті ғылыми зерттеу бағыттарына қолдану жоспарлануда.
Ал «Прогресс МС-06» ХҒШ стансасы құрамында 2017 жылдың желтоқсанына дейін болуы жоспарлануда.
«Прогресс МС-06»-тен бөлек жыл аяғына дейін халықаралық ғарыш стансасына «Прогресс МС-07» жүк кемесі де жетпек. Оның ұшырылымы 12 қазанға жоспарланып отыр.