«КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛДЕР» МЕКТЕБІ АЯСЫН КЕҢЕЙТЕ ТҮСТІ
Қызылордалық іскер әйелдер мемлекет қолдауын айқын сезініп отыр. Осы игілікті істі одан әрі жалғастыру үшін былтыр облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанынан «Көшбасшы әйелдер» мектебі құрылған болатын. Ашылғалы бері 40 әйелді оқытқан мектеп енді аясын кеңейте түспек.
Тұлғалық өсу, көшбасшылық, отбасындағы үйлесім, шешендік пен қаржылық сауаттылықа баулитын мектеп енді 100-ге тарта қыз-келіншекті оқытуды жоспарлап отыр.