ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ

2017 жылдың 3 сәуірінде облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде С.Ибрашева I орынды иеленіп, республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Байқауға қатысқан жас ұстаздар өздерінің білім, біліктерін көрсетіп, үш бөлім бойынша сынға түсті. «Педагогикалық дебют» деп аталатын бірінші бөлімде заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі туралы өзінің кәсіби іс-тәжірибесін таныстырды. Екінші бөлімде «Педагогикалық шеберлік қоймасы» тақырыбында панорамалық сабақ көрсетті. Байқаудың соңғы бөлімінде жас ұстаздардың портфолиосы сараланды.
С.Ибрашева байқаудың әр бөлімінде шығармашылығымен ерекше көзге түсіп, ұсынылған жұмыстары жоғары бағаланды.


