ЕЛБАСЫ МАНИФЕСІН ҚОЛДАЙТЫН ҮНДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесін түсіндіру мақсатында «Жол дистанциясы» БПҰ-да еңбек ұжымымен кездесу болып өтті. Бастауыш партия ұйымының базасында ұйымдастырылған кездесуге «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базаркүл Танбаева және аталмыш мекеме жұмысшылары қатысты.
Кездесуде «Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары жиналғандарға қазір әлемде орын алып отырған саяси жағдайлардың өзектілігін айтты. Манифестің мән-мағынасын түсіндірді.
- Соғыссыз әлем – бүгінде бүкіл адамзат тілегі! Татулық пен тұрақтылықты ту еткен теміржолшылар бейбіт өмірдің қадірін жақсы біледі және Елбасы бастамасын қолдайды,- деді ол.
«Жол дистанциясы» БПҰ төрағасының орынбасары Бауыржан Жұмабанов «Елбасының Ядролық қауіпсіздік саммитте сөйлеген сөзінде айтылған маңызды мәселелер мен ұсыныстар бойынша хабарлама жасап, әлемдік деңгейдегі әңгіменің арқауына айналған Манифест еңбек ұжымдары, барлық бастауыш партия ұйымдарында талқыландығын айтты.
Жол дистанциясының қызметкері, көпбалалы ана Күләш Мырзағалиева аналар атынан манифест жөнінде ойын ортаға салды.
Кездесу барысында теміржолшылар әлемде қауіпсіздік мәселесі өршіп тұрған мезетте ғаламның тыныштығын ойлап жер бетіндегі адамзатты бейбіт өмірге үндеген Елбасы жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін бір ауыздан қолдайтындықтары баяндалған өз Үндеуін жариялады.