ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАР НАЗАРЫНА!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылғы 5 сәуірде сағат 10.00-де Қызылорда облысы аумағында теле-радио арналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізілетіндігін хабарлайды. Тексеру кезінде электросиреналар қосылып, «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналы беріледі.
Осыған байланысты үрейге бой алдырмай, тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз.