ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ 613 МЛН. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Өткен жылы облыс көлемінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмысына жұмсалған қаржы 2015 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артып, 613,6 млн. теңгені құрады. Жалпы ішкі шығындар көлеміндегі қолданбалы зерттеулердің үлесі – 97,2%, іргелі зерттеулер – 2,8% болды.
Облыстық статитика департаментінің мәліметінше бұл бағыттағы қаржыландыруды талдау 57,7% кәсіпорынның меншікті қаражаты, 33,1% - республикалық бюджет қаржысы екендігін көрсетті.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмысының басым бағыты инженерлік әзірлемелер және технологиялар саласындағы зерттеулер болып отыр, олардың шығындар сомасындағы үлес салмағы – 53,8% құрады. Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласындағы зерттеулер – 33,2%, жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеулерге жұмсалған шығындар – 11,7%, гуманитарлық ғылымдар – 1,1% және әлеуметтік ғылымдар – 0,2% болды.
2016 жылы ҒЗТКЖ-мен 228 адам айналысты, олардың арасында 16 ғылым докторы жұмыс істеді. Сонымен қатар, 3 PhD докторы, 77 ғылым кандидаты мен 32 магистр бар.