АРДАГЕРГЕ КӨШЕ АТАУЫ БЕРІЛДІ
Наурыз мерекесіне орай Аралда Ұлы Отан соғысы ардагері Ж. Жанаевқа көше атауы берілді. Есімі Сыр өңіріне етене таныс Ж.Жанаев Арал ауданына қарасты 1920 жылы май айында Көктем елді мекенінде дүниеге келген. 1938 жылы Аралдағы ФЗУ ға оқуға түсіп, оны 1941 жылы аяқтайды.
Соғысқа бастан-аяқ қатысып, Сталининградтан Берлинге дейін барған қаһарман. Соғыстан кейін 36 жыл табан аудармай бір жерде, яғни, Арал кеме жөндеу зауытында жұмыс жасаған. Бірінші болып Арал қаласын электр жарығымен қамтамасыз етуге өз үлесін қосқан жан. Артында қалған ұрпақтары барда атамыздың есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз.
Көше атауын беру салтанатты рәсімге Ж. Жанаевтың көзін көрген замандас інілері мен жергілікті билік өкілдері және көше тұрғындары, ұрпақтары қатысты. Онда аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішова ел мен жерді қорғаған майдангерлерге құрметкөрсету бүгінгі ұрпақтың парызы екендігіне тоқталды.
Ауданда ардагерлерді ардақтау бұдан әрі де жалғасын таба бермек. Өйткені, елі үшін жанқиярлық ерлікке барған жандардың есімі өскелең ұрпақтың есінде мәңгі сақталуы тиіс.