ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТТІ
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының «Қызыл Ай» Қоғамының шақыртуымен оқыту семинар – тренингке қатысты.
Сот медициналық сараптамасының өңірлік үйлестірушісі Клаудия Елена Гарридо Варас және Халықаралық Қызыл крест комитетінің Қырғызстан Республикасындағы өкілі Едгор Махмудов «Апаттар мен апаттар салдарын жоюға және қалдықтармен жұмыс істеу» семинар тақырыптары бойынша кеңінен ашық көрсетіп, әсіресе адам мүшелерінің мінездемесі және сипаттамасы, мүшелерін тасымалдау, сақтау және адам мүшелерін жинау дәрістері бойынша кең мағлұмат берді. Оқу барысы лекциялық және практикалық түрде жүргізілді. Семинар барысында практикалық түрде алынған білімдерін тексеріп отырды. Сонымен қатар Халықаралық Қызыл крест комитетінің Тәжікстан Республикасындағы өкілі Шерзод Мусифшоев құтқарушылармен психологиялық тренингтер жүргізді.
Семинар соңында оқытушылар қорытынды жасап барлық қатысушыларға сертификат тапсырды, делінген Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының таратқан хабарламасында.