ЕЛБАСЫ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНЕ КӨҢІЛ АЙТТЫ
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ақорданың сайтында Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жайлы жазылған. "Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына ортақпыз", - делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.