БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, КЕЙ ЖЕРЛЕРДЕ КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс аймағының кей жерлерінде жауын-шашын, тек республиканың онтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік және солтүстік-батыста бұрқасын болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейюі күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейн күшейюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейн күшейюі күтіледі.
Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.