АРАЛДА ЖАҢА ДӘРІХАНА АШЫЛДЫ
Темір жолдың шығыс беткейіндегі қала тұрғындары сол аумақта дәріхананың жоқтығынан қиындық көріп жүрген еді. Тұрғындар тілегін орай темір жолдың жиегінен Шанхай және Жаңа ауыл мөлтек аудандарына ортақ жаңа дәріхана жұмысын бастады. Жеке кәсіпкер Ж.Аманжоловтың бастамасымен халыққа есігін айқара ашқан дәріхана «Сити Центр» орталығында орналасқан. Жаңа нысанның ашылу салтанатында аудан әкімі М.Оразбаев ауданда кәсіпкерліктің қанат жайып келе жатқанына тоқталып, жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов осы бастаманы іске асырған азаматтарға ризашылығын жеткізді.