ЖАРАҚАТТАНУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда жыл сайын 1 және 30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер және жастарды жол-көлік және тұрмыстық жарақаттылықтан алдын ала сақтандыру мақсатында айлық өткізіледі, деп жазады mz.gov.kz.
Жарақаттану жағдайлары, оның ішінде жол-көлік апаттары, суға кетіп қалу, күйіп қалу, құлау мен улану адамның өз денсаулығына салғырт қарауы мен жол жүру ережелерін сақтамаудан болады.
Осыған байланысты, айлық барысында жол жүру ережелері мен дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсету қағидалары туралы барлық мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек столдар, дебаттар, баспасөз конференциялары, семинар-тренингтер сияқты іс-шаралар жоспарлануда.
Жыл сайын тұрақты өткізіліп тұратын онкүндік нәтижесінде біраз нәтижеге де қол жетті. Мысалы, «Абайлаңыздар – балалар!», «Қауіпсіз жол», «Автобус» және т.б. профилактикалық шараларды арқасындажол жүру ережелері бұзылуының анықталуы артты. Нәтижесінде соңғы 3 жылда апат көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады.