ЖОСАЛЫ КЕНТІНДЕ ЕКІ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Қармақшы ауданының орталығында екі бірдей балабақшаның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Кенттегі Б.Момышұлы мен Е.Көшербаев көшесінің бойынан салынып жатқан 90 орындық "Ертөстік" және "Айгөлек" атты балабақшалардың жалпы жобалық құны 509,9 миллион теңгені құрайды. «Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС құрылшылары салып жатқан бұл нысандардың алдағы маусым-шілде айында аяқталмақ.
Айта кетейік, аудан бойынша 57 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасаса, олардың 24-і мемлекеттік, 8-і жеке балабақша, 25-і шағын орталық. Бүгінде 31 балабақшада - 3615 бала тәрбиеленуде. Аудандағы 3-6 жастағы балалалар мектепке дейінгі тәрбие және оқумен толық қамтылған.