РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы жыл басында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізген болатын. Оған 274 оқушы қатысып, 134 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Қорытынды республикалық кезеңге жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша іріктелген 31 оқушы 13-18 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен олимпиадаға қатысып, 2 оқушы күміс медаль, 10 оқушы қола медаль иеленді. Тағы екі оқушы грамотамен марапатталды.
Ал Ақтау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Сыр бойынан 27 оқушы қатысты. Олардың екеуі алтын медаль олжаласа, 4 шәкірттің білім деңгейі күміспен бағаланды. Қола жүлдеген қол жеткізген тағы 5 оқушы бар.