«ҚАҚПА АЛДЫНДА КЕЗДЕСУ» ӨТКІЗІЛДІ
ЗК-169/5 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында түрмеден босатылатын мәселелерін шешу мақсатын көздеген кездесу өткізілді.
Жоба аясында жаза мерзімі аяқталған азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, жұмыспен қамтылуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге қатысқан қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық Ішкі істер басқармасының мамандары, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігі мен облыс бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілдері жазасын өтеген адамдардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтып берді. Кездесуде мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттері, жастар практикасы жөнінде сотталған азаматтарға түсіндірме жасалды.