МЕЙІРМАН ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Шиелі аудандық мәдениет үйінде 1 сәуір – Халықаралық күніне орай «Мінекей, Мейірманның ізбасарлары» атты әзіл-сықақ отауларының аймақтық байқауы өтті. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы қазақ сатирасына елеулі үлес қосқан талантты актердың өнер жолы мен шығармашылығын ұлықтау, бүгінгі жастар арасында сатира өнеріне деген оң көзқарас қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан байқауға қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Кеште қазылар алқасының төрағасы, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек сөз алып, талапкерлер мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Қызылорда облысының өнерпаздарымен қатар Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан 9 әзіл-сықақ отауы қатысқан байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Қармақшы ауданынан келген «Думан» халықтық әзіл-сықақ отауы, I орынды Жамбыл облысының «Күлкі шаңырақ» халықтық әзіл-сықақ отауы, II орын Қызылорда қаласының «Мереке думан» халықтық әзіл-сықақ отауы, III орын Шиелі ауданы «Қытық» әзіл-сықақ отауы иеленді. Жеңімпаздарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.