ҚАЗАЛЫДА 5 МЫҢ ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ
Қазалы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті. Көп болып жұмылған істің нәтижесінде аудан бойынша 5 мың түп тал егілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара аудан тұрғындары тарапынан үлкен қолдау тапқан. Сенбілікке мектеп ұстаздары, балабақша қызметкерлері, студент жастар, теміржол саласының мамандары, дербес бөлім қызметкерлері, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер мен ардагерлер белсенді қатысты.
Айта кетейік, аудан әкімінің өкімімен жарияланған көктемгі көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары 11 наурыздан басталған болатын. Содан бері аудан көлемінде жүйелі түрде өткізіліп отырған сенбілік жұмыстары өз нәтижесін беруде.