ӨРТТЕН ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
30 наурыз күні сағат 16:31-де «101» орталық өрт байланыс нөміріне Ақмешіт шағын ауданында жатақхананың шатыры жанып жатқандығы туралы хабар келіп түсті.
Екі минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері келді.
Барлау барысында олар өрт басталған аумақты, от пен улы түтіннің екінші қабаттағы пәтерге енгендігін анықтады.
Осыдан кейін азаматтық қорғау майоры Н.Ілиясов және аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты С.Есжанов жедел адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Жедел іс-қимыл барысында 2-қабаттағы пәтерден 2 адам құтқарылды.
Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Құтқарылған екі адамнан бөлек 9 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. 16 сағат 44 минутта оқшауланған от 10 минутта өшірілді.