РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПРОБАЦИЯ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №47 ж/қ 17.03.2017 жылғы бұйрығының негізінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 27-31 наурыз күндері аралығында республикалық «Пробация» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы бағытта Байқоныр қалалық пробация қызметінде өткен шараға Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция бөлімшесінен он учаскелік полиция инспекторы жұмылдырылып, қызметкерлер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
Байқоныр қалалық пробация қызметі осы инспекторлармен бірлесіп сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, тәрбиелік бағытта жұмыстар жүргізді.
Іс- шара барысында үш сотталғанның жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталып, Байқоныр қалалық сотына бір шартты жазаға сотталғанның пробациялық бақылау мерзімі ұзартуға, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған 2 азаматқа қатысты бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыныс жолданды.