ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мекемесінде ұжымдық ахуалды қалыптастыруға байланысты тренинг, дәріс сабақтары мен сауалнамалар жиі жүргізіледі.
Жуырда тағы осындай бір тренинг өтіп, онда медициналық-психологиялық бөлімінің бас құтқарушы-психологы Жанар Бегманова «Ұжымдық моральды-психологиялық климат және дау-дамайдың алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды. Лекция барысында құтқарушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Тренинг барысында қызметкерлер арасында тиімді қарым-қатынас мәдениетін жақсарту мақсатында "Ұжым-біртұтас команда!" мен "Құбыр" ойын жаттығуларын ұйымдастырыды.
Жасақ құтқарушыларына бір-бірімен тығыз қарым – қатынас жасауда этиканы сақтауға кеңес берілді.