ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Достық үйінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
Отырыста облыстық білім басқармасының басшысы Б.Сайлыбаев салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Кеңес мүшелері осы бағыттағы заңнамалардың сақталуын жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, жиында Жалағаш ауданы әкімі Т.Дүйсебаев аудандағы мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама.
Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңесте Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Б.Арысбаевтың тәртіптік ісі қаралып, оған мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін оған «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Бұдан бөлек, кеңес отырысында Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Р.Чагайдың тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алу туралы мәселесі талқыланып, кеңес оның тәртіптік жазасын мерзімінен бұрын алуға келісім беру жөнінде шешім қабылдады.