БҮГІН РЕСПУБЛИКАНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, ҚАТТЫ ЖЕЛ ТҰРАДЫ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын және қатты жел күтіледі, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста, орталық өңірде бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, түнде кей жерлерде 30 м/с-дан асады, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с; кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде15-20 м/с, кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, туман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, таңертең тұман болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.