ДЕПАРТАМЕНТКЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Қорғаныс Министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып полковник Мұрат Дәулетбақов тағайындалды. Бұл туралы департаметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басқарма бастығы, полковник Қанат Мұсаев таныстырды.
Дәулетбақов Мұрат Шымкенбайұлы 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.
Әскери қызметті 1994-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Еңбекші, Әл-Фараби, Кентау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерде әртүрлі лауазымда қызмет атқарудан бастаған.
2002-2012 жылдары ОҚО Бәйдібек, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерін басқарды. Ал 2012-2013 жылдары Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы болды.
2013 жылдан бастап Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – жұмылдыру басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.