ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюi кезеңiнде Арал теңізіне құяр сағадан Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмшiлiк шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта, Кiшi Арал теңiзiнiң (Кіші Арал теңізіндегі Бутакова және Сарышығанақ қойнаулары, оларды суландыратын өзектерде көктемгі мұз кетуінен бастап) су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Қызылорда облысының шегiндегi су айдындарында 20 сәуiрден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар артемияның көбеюi кезеңiнде Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк шекарасына дейiн Қазақстан Республикасының аумағы шегiнде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңiзiнде 1 сәуiрден 31 шiлденi қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынатындығын хабарлаймыз.
Облыстағы табиғат пайдаланушылардың назарына, балық шаруашылығын жүргізу келісім-шартына сәйкес жоғарыда көрсетілген кезеңдерде бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарының қорғалуын қамтамасыз етуді ескертеміз.
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы,
байланыс телефондары:23-19-66, 30-78-03.