ПІЛДЕРДІ ТЕРЕҢ ОРДАН ШЫҒАРЫП АЛДЫ
Камбоджаның Keo Seima Wildlife Sanctuary атты ұлттық паркінде бір топ піл терең орға түсіп, шыға алмай қалған. Оларды шығару үшін парк қызметкерлері құтқару қызметінінің көмегіне жүгініпті. Іші лай суға толған ор өткен ғасырдың жетпісінші жылдары болған соғыстан қалған белгі, -деп хабарлайды International Business Times басылымына сілтеме жасаған Вести.Ру.
Терең шұңқыр 1970 жылдары Пол Пот басқарған демократиялық Кампучия мен Вьетнам арасындағы әскери қақтығыстың ізі. Кейіннен оған су толтырған жергілікті фермерлер ор аумағын кеңейте түскен.
Ал пілдердің тереңдігі 3 метрден асатын орға қалай кеткені белгісіз. Үстін лай басып, әбден болдырғанн жануарларды мұндағылар кездейсоқ байқап қалған.
Wildlife Conservation Society атты зоологиялық ұйым мен жергілікті төтенше жағдай қызметкерлері күш біріктіріп, оларды терең ордан шығарып алды.