ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ КӨТЕРУГЕ АРНАЛҒАН ШАРА
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында облыс орталығындағы №4 орта мектебінің 9,10,11 сынып оқушылары мен мұғалімдерінің қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шара барысында оқушылар сот отырыстарының мәжіліс залдарында болып, «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, «Сот кабинеті» сервисімен танысты.
Құқықтық мәдениетті көтеру мен сот төрелігінің қолжетімділігін арттыруды көздеген шарада мұғалімдер мен оқушылар істердің қаралуы тәртіптері мен мерзімдері туралы сұрақтар қойды.