БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашынды ауа райы қалыптасады, тұман түсіп, көктайғақ болып, жел тұрады. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауса, солтүстігінде қар жауады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазақстан астанасында күн ауыспалы бұлтты болады, кей жерлерде жауын-шашынды (қар жаууы мүмкін) ауа райы қалыптасады. Ауа температурасы 1 градустан төмен болады. Ал Алматы қаласында 14-16 градус жылы болады, күн ауыспалы бұлтты болып, түнде және таңертең жаңбыр жауады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел күші 15-20 м/с дейін жетеді. Жамбыл облысының кей аумақтарында түнде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында түнде тұман түсіп, күндіз жел күші 15-20 м/с құрайды. Қостанай мен Қарағанды облыстарында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.