ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Оған сот судьясы А.Сабыров, Қызылорда қалалық прокуратурасының прокурорлары С.Темірбекова, А.Әлімбаев, ҚІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі А.Молдахожаева, кеңсе меңгеруші Қ.Сәрсенбаева және сот қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелде бас маман А.Күнтуғанова баяндама жасады. Ол өз баяндамасында: дәстүрлі дала мәдениетіндегі және қазіргі қоғамдағы әйелдердің орны мен рөлін, жалпы гендерлік саясаттың ұғымы жайлы саралай айтты.. Гендерлiк саясат – қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық қызмет екенін, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау қажеттігін жеткізді.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан әйелдердiң саяси құқықтарын жүзеге жайлы көптеген сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасты.