БҮГІН ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі және қатты жел соғады. Тек елдің оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыста - бұрқасын, оңтүстікте - найзағай, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25, күндіз кей жерлерде 30 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с-дан аса күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20, таңертең және күндіз желдің екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейеді, Атырау облысында тұман болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.