«ТІЛДЕРДІ МЕҢГЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдерді меңгеру – заман талабы» атты семинар өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Семинардың мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, қала тұрғындарының арасында үштілділік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Семинарға қала тұрғындары, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен дәріс беріп жүрген мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ә.Жарылқағанов, облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы Л.Есімова, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н. Мусаева, облыстық оқу орталығының бөлім меңгерушісі Г.Смағұлова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к., А.Абасилов, №2 Мұрагер мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Қуандықова, №2 Мұрагер мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тебегенова, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі Г.Әлжанова тіл мәселесі, үштілділік жайлы баяндамалар жасады.
Семинарда қатысушылар, мектеп ұстаздары үштілділік жайлы көкейтесті сұрақтарын қойып, оларға жан-жақты жауаптар алды.
Аталған семинар облыстың барлық аудандарында өткізілуде.