ОІІД-ДЕ ҰСТАЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен ІІО-ның арнайы мекемелерінде ұсталушылар мен уақытша ұстау изоляторларындағы күдіктілер мен айыпталушылардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу жағдайын талқылау мақсатында барлық мүдделі органдармен бірлескен түрде дөңгелек үстел өткізілді.
Басқосу барысында күдіктілер, айыпталушылар мен сотталушылардың ұстау жағдайларының Қазақстан Республикасының заңнамасына, нормативтік-құқықтардың талаптары мен халықаралық стандарттың талаптарына сәйкестігі, арнайы мекемелердің санитарлық жағдайы мен құқық қорғау органдары тарапынан нормативтік-құқықтық актілер талаптарын сақтау деңгейі талқыға салынды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №266 Қаулысы негізінде «Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құрылатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту» туралы заңнамасына сәйкес, Қызылорда облысында ұлттық алдын алу тетігі қызмет жасауда.
Ұлттық алдын алу тетігінің басты мақсаты - азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу, сондай-ақ азаматтарды заңсыз ұстау фактілерін анықтау болып табылады.
2016 жыл көлемінде арнайы мекемелер, учаскелік полиция пунктіне және басқа да азаматтарды жеткізілетін орынға кедергісіз кіруге құқылы топ облыстық ІІД-нің барлық қала, аудандық ішкі істер бөліністерінің уақытша ұстау изоляторларына барып, ұсталушылардың жағдайымен танысқан. Жалпы, былтыр 15 мәрте тексерістер ұйымдастырылып, ұсталушылардың құқықтарына нұқсан келтіру деректері анықталмаған.
Семинар барысында прокуратура, Ішкі істер департаменті және ұлттық алдын алу тетігінің дербес қатысушылары бірқатар талаптарды ортаға салып, пікір алмасты.