ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақов қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында кент тұрғыны Закира Оспанова Алтыкрант көшесінде әлі күнге дейін ауыз су мен жарықтың жоқтығын айтты. Ол халық қалаулысынан көшеге тас төсеп, тегістетуге ықпал жасауды сұрады.
Қабылдауда болған басқа да азаматтар өздерін толғандырған мәселелер жөнінде айтты.
Өтініш иелеріне заңдылығына сәйкес жауаптар берілді.