ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Қызылорда облысының Статистика департаменті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында «Наурыз мерейі» және «Қайырымдылық-асыл қасиет» акциясы аясында аз қамтылған Қалбергенова Жаннаның және І топ мүгедегі Туребаева Сағираның отбасына азық-түлік ретінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Наурыз – бұл жылдың ең басты мерекесі, бұл көктем мерекесі, табиғат жаңарады, жаңа жыл мен жаңа өмір бастамасы. Оның басталуымен тек тағибат қана емес, ең жақсы адами қасиеттер - жомарттық, қонақжайлылық, өзара түсіністік және төңірегіндегілерге төзімділік жанданады. Наурыз мейрамы күндері адамдар мұқтаждарға садақа береді, науқастардың халін сұрайды, балалар мен туыстарына сыйлық береді.