АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІГІ АРТТЫ

Сонымен қатар, облыс халқының 95,2%-ы өздерін компьютерді меңгергендер қатарына жатқызады.
Облыс аумағындағы тұрғын үйлердің 96,9 пайызы үшін интернет желісі қолжетімді. Ал интернетке кең жолақты қосылу үлесі 62,1% болып отыр.
Зерттеулер нәтижесінде 65,4% респондент ғаламторды әлеуметтік желілерге кіру үшін қолданатынын көрсетсе, 49,2% ақпарат орналастыру, хабарламалар алмасу мақсатында пайдаланатынын айтқан. Ғаламтордағылардың тең жартысы түрлі фотолар мен фильмдер көріп, ойындар жүктейтін болып шықты. Ал тауарлар мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет туралы мәлімет іздейтіндер қатары 30 пайызға да жетпейді.