ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МӘЖІЛІС ӨТТІ
Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Абзал Мұхимовтың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және тиімділігін жақсартуға бағытталған семинар-кеңес өтті.
Жиында ҚР инвестициялар және даму министрлігіне қарасты екі департамент мамандары көрсететін мемлекеттік қызмет сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Мамандар қызмет көрсету барысында туындайтын негізгі мәселелердің бірі – техникалық ақаулар екенін айтты. Жиын нәтижесінде осы кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар әзірленді.
