ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Қызылордада құтқарушылар күніне орай сала қызметкерлеріне салтанатты түрде автокөлік кілттері табысталды. Шараға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және сала қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада құтқарушыларға 13 арнайы жасақталған көлік, құтқару құралдарының 8 жиынтығы табысталды. Бұл техникаларды алуға облыстық бюджеттен 311 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Құтқарушы қызметі – қырағылық пен шапшаңдықты, батылдық пен үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық. Ауа-райының ыстық, суығына қарамай елдің қауіпсіздігі үшін өз өмірін тәуекелге тігіп жүрген жандарда құрмет көрсетілді.
Жалпы, төтеншеліктер қандай жағдайға болмасын тәуліктің кез-келген уақытында дайын болуы керек. Салтанатты шара барысында өрт сөндірушілер төтенше жағдайға дайындық барыстарын көрсетті.
– Соңғы жылда аймағымызда төтенше жағдай 19 пайызға азайса, зардапшегушілер 44,9 пайызға төмендеп отыр. Сондай-ақ, Сырдария өзені бойында 26 қауіпті аймақ бар. Көктемгі сең жүру кезінде бұл аумақтардың қауіпсіздігін сақтау үшін облыстық бюджеттен 703 млн. теңге қаржыны қазірден бөліп қойдық. Бүгін табысталып отырған жаңа көліктер жазатайым оқиғалардан зардап шегушілердің қатарын азайтуға септігін тигізсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жалпы жыл басынан бері төтеншеліктерге 300 мыңдай қоңырау түскен, осы шақыртулардың негізінде 415 адамның өмірін құтқарған