ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚР ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жағдайда судья, орган (лауазымды адам) өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұл сомасын қысқартуға, бірақ айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартуға құқылы екендігі белгіленген.
Аталған норма негізінен құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, өзінің жасаған әрекетіне өкініш білдірген жандарға қатысты қолданылған.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаралған істер бойынша 2048 адамға әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалған. Тағайындалған айыппұлдардың 27 462 090 теңгесі құқық бұзушылармен сот қаулысы заңды күшіне енгенге дейін өз еріктерімен төленгенін атап көрсетті.
Брифинг соңында тақырып аясында қойылған сауалдарға жауаптар берілді.