ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫ!
Қызылорда облыстық прокуратурасының органдарымен ауылшаруашылығын субсидиялау барысында заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізілуде.
Осыған байланысты субсидиялау барысында орын алған бұзушылықтар, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен дамыту үшін бюджеттен бөлінген қаржыларды алу барысында кедергі келтіру фактісі белгілі болса, прокуратура органдарына хабарлауды сұраймыз.
Сонымен қатар, субсидиялау механизмін жетілдіру туралы ұсыныстарыңызды да білдіруге болады.
Өз хабарламаларыңызды 7242155@prokuror.kz электронды поштасына жолдай аласыздар.
Қызылорда облыстық прокуратурасы