ХҒС БАҒДАРЛАМАСЫНА САЙ КЕЗЕКТІ ҰШЫРЫЛЫМ ЖОСПАРЛАНУДА
Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасына орай Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті ұшырылым 2017 жылдың 20 сәуіріне жоспарлануда.
«Энергия» Ресей ғарыш корпорациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша «Южный» орталығының мамандары осы сапарда ұшатын жаңа модификациялы «Союз МС-04» ғарыш кемесін сынақтан өткізуді аяқтаған. Жұлдызды қалашықтағы ұшу алдындағы дайындық та кестеге сай жүргізілуде.
Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығы мамандарының мәліметінше экипаж мүшелері сынақ тапсырды. «Союз МС-04» ғарыш кемесінің негізгі экипажы командирі Федор Юрчихин (Роскосмос) мен бортинженер Джек Фишер (НАСА), экипаждың екінші құрамын басқаратын Сергей Рязанский (Роскосмос), бортинженер Рэндолф Брезник (НАСА) «Дон-Союз» атты арнайы тренажер арқылы сынақты сәтті тапсырды.