ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЕРЛІККЕ МЫҢ ТАҒЗЫМ!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Ерлікке мың тағзым!» акциясының басталғандығы жөнінде баспасөз конференциясы өткендігін хабарлайды «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Е.Меңлібаев.
Қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің саны 113-і құраса, ал тыл және еңбек ардагерлері 2564-ке жетіп отыр. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері және соған теңестірілгендер туралы мәліметтер базасы жасақталып, қала мен аудандарда жасотандықтардың арасында «Жас қамқоршылар» жасақтары құрылды. Мүмкіндігінше аптасына 1 рет ҰОС ардагерлерінің үйлеріне барып хал-жағдайын сұрап тұру, мәдени-шығармашылық шаралар ұйымдастыру және үй шаруашылығында қол көмек көрсету. Аға ұрпақтың ерлігін тыңдап және жазып алып, арнайы жинақтар мен естеліктер дайындау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аталмыш акция аясында «Майдангерлер», Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 игілікті іс» тақырыбында кешенді шараларды ұйымдастыруға қарқынды дайындық жұмыстары басталды.
Фариза ОМАРОВА