ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ СЕЙСЕНБІ КҮНІ ҚАР ЖАУЫП, БҰРҚАСЫНДАТАДЫ

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, облыстарында бұрқасын болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін арта түседі, Қызылорда облысында құмды дауыл болады.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында көктайғақ болып, түнде және таң ата тұман түседі. Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, түнде Алматы облысында тұман түседі.