НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ МАМАНДЫҒЫ
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі орта оқу орындары түлектеріне кәсіби жұмыстарын жалғастыруда. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей оқушыларымен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында өрт-сынақ зертханасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты К.Ақашев мектеп түлектеріне Көкшетау техникалық институты туралы әңгімелеп, оқу орнының ерекшеліктері туралы айтты.
Беделді өрт сөндірушілер институтына байқаудан өту үшін оқушылар қаншалықты физикалық дайын болуы керектігін білді.
Өз кезегінде аға инженер, азаматтық қорғау лейтенанты Н.Медеуов қызмет туралы айтып берді. Осы мамандықты меңгеруді армандайтын жас мықты әрі төзімді болуы керек. Болашақ өрт сөндірушінің командада жұмыс істеу қабілетінің болуы және тәртіпті болуы өте маңызды болып табылады.
Іс-шараның соңында оқушыларға институт туралы фильм көрсетілді және ақпараттық бүктемелер таратылды.