ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ
Наурыз мейрамында Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясы қызметкерлері қаланың орталық алаңында тұтынушыларға жаңа қызмет түрлерін таныстырды.
Белсенді сату орталығының қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғындарына «Әмбебап нөмір», iD Net, iD TV, «Отбасылық шешім» секілді телекоммуникация қызметтері жайлы түсіндірді.
Науқан нәтижесінде 50 қызылордалық телекоммуникация қызметтеріне қосылуға өтінім берді. Олардың әрқайсысы ОДТ тарапынан естелік пен кәдесыйға ие болды.