ЕҢБЕК ЕРЛЕРІ АЛЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Қызылордада Еңбек ерлері аллеясы ашылды. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев көшесіне қойылған сквер аллеяның көркін келтіріп тұр.
Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Еңбек ері Шырынкүл Қазанбаева және Абзал Ералиев, күріш шаруашылығының ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, жасылелдіктер, әйгілі күрішшінің туыстары жиналды.
Ы.Жақаев саналы өмірінің басым бөлігін күріш шаруашылығына арнады. Үш жыл қатарынан күріштің әр гектарынан 156, 160, 171 центнерден өнім жинап, дүниежүзілік рекорд орната білді. Сыр елінің біртуар перзентінің ескерткіші қойылған аллея Еңбек аллеясы деп аталады.
- Облысымыздың ақмаржанмен аты шығуы, «жақаевшылар» қозғалысының бұқаралық сипат алуы Ыбырай Жақаевтың есімімен тікелей байланысты. Ол зор құрмет пен қошеметке лайық, - деді Қырымбек Көшербаев.
Шарада сөз сөйлегендер Еңбек ерінің өңіріміз бен еліміздің дамуына қосқан үлесін ерекше атады. Содан кейін Ыбырай Жақаевты еске алуға арналған ас берілді.
Шынар БЕКБАН