ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
2017 жылғы 18 наурыздан бастап Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы іске қосылды.
Жоба мақсаты - заманауи технологияны пайдалана отырып, аймағымыздың санитариялық тазалық жағдайын бақылау жасау және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аймақтарды анықтау болып табылады. «Whatsapp» мессенджерге келіп түскен ақпараттар тиісті құзырлы органдардың назарына жеткізіліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.
«ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» «WhatsApp» мессенджері 87071605366 нөмірі арқылы жұмыс жасайды.
Санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін аумақтар туралы ақпараттар (фото суреттер мен нақты мекен-жайын) мен ұсыныстарыңызды көрсетілген нөмірге жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жолдауларыңызға болады.
АЙМАҒЫМЫЗДЫҢ ТАЗА, ӘРІ КӨРКЕЙГЕН ЖАСЫЛ ӨЛКЕГЕ АЙНАЛУЫНА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!