БҮГІН «ЕЛ АРНА» КАНАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Жаңа арнаның әкімшілігі олармен тығыз жұмыс жүргізуге дайын екендігін жеткізді.
— Біз жастарды кино әлеміне баулитын мектептермен, түрлі кинофестивальдердің әкімшілігімен қоян-қолтық жұмыс істейміз. Ұсынылған туындылардың арасында іріктеу өткіземіз. Қысқа метражды және арт-хаус стиліндегі фильмдерді де эфирге шығарамыз. Біздің ойымызша, мұндай ауқымды жоба жас режиссерлердің санын арттырып, кино индустриясының дамуына серпін береді, — дейді арнаның шеф-редакторы Камила Қамназарова.