АУЫЛДЫҢ ТАРИХИ АТАУЫ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Кеңестер үкіметі тұсында бұл ауыл «МИС» деп аталатын. Машина сынау стансасына айналған елдімекенде ұдайы жаңа техникалар сынақтан өтетін. Ұлыстың ұлы күні мерекесі аясында ауыл аты қайта өзгерді.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 11-бабаның 4 тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы №4 қорытындысымен облыстық мәслихат шешімі және облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округіне қарасты «Ақжарма» ауылының тарихи атауы қайтарылып, бұдан былай «Баймұрат батыр» ауылы деп аталатын болды.