ҮНДІСТАНДА ЕКІ ӨЗЕН "ТІРІ ТІРШІЛІК ИЕСІ" АТАНДЫ
Уттаракханд штатының соты Ганг пен Ямун өзендерін заңды тұлға әрі жанды тіршілік иесі деп таныды. Заңға сәйкес енді өзендер «өзіндік құқықтары мен міндеттері бар заңды тұлға» мәртебесіне ие.
Енді кімде-кім бұл суларды ластаса адамға зиян келтірген болып табылады, деп жазады КорреспонденТ.
Уттаракханд штаты Гималай тауларында орналасқан. Екі өзеннің де бастауы осы жерде. Сондықтан бұл қасиетті өзендердің тазалығы штат үшін үлкен мәселеге айналып отыр.